|    |  
15 желтоқсан 2018
18:48
қаз
Рим Папасы түсік тастауды жалдамалы кісі өлтірумен салыстырды
11 қазан, 10:26 26
Рим католиктер шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск «басқа құқықтарды қорғау үшін ананың құрсағындағы адам өмірін басынуды» өткір сынға ала отырып, түсік тастауды жалдамалы кісі өлтірумен салыстырды.



«Мен сіздерге проблемаларды шеші үшін адам өмірін қию дұрыс па деген сұрақты қоямын? Сіздер қалай ойлайсыздар? Бұл дұрыс па?» – деген сауал қойды понтифик 10 қазан күні Ватикандағы Әулие Петр алаңында сөз сөйлеген кезінде.

Жиналған көпшілік мұны құптамайтындарын айтып жауап берді.
 
«Проблеманы шешу үшін киллер жалдау дұрыс па?» – деп сұрады ол ендігі кезекте.

Франциск «қандай кішкентай болса да» адамды өлтіру «опасыздық» деп атады.


Дереккөзі: Сегодня

 


Жаңалықтар