17 Октябрь
13:32
Астана: 13 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Спорт
12 шілде 10:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетіндегі қаржы тапшылығы 120 миллион доллардан асып кетті

 
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының дайындығымен айналысатын «Рио-2016» ұйымдастыру комитетіндегі қаржы тапшылығы 400 миллионнан 500 миллион реалға жетті (121-151 млн долар).
 
«Біз қаржыны жеткізу үшін көп нәрсені қысқартудамыз, бірақ сонда да бюджетке сай келе алар емеспіз», - деген ұйымдастырушылардың бірі. Оның айтуынша, қаржы тапшылығы ұйымдастыру комитетіне бөлінген жалпы соманың 6%-ын құрайды.
 
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге қажетті бюджет 40 млрд реалға жуық (12,12 млрд доллар). Бұл қаражаттың үлкен бөлігі - 24,6 млрд реал - қаланың инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалды. Тағы 7 млрд реал спорт нысандарын салуға кетті. «Рио-2016» ұйымдастыру комитеті жеке инвесторлардан 7,5 млрд реал алған.
 
XXXI Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада ұйымдастырылған тұңғыш Олимпиада. Паралимпиада 7-18 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарлануда. 

Дереккөз: ҚазАқпарат
нравится:    653
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии