19 Август
02:00
Астана: 15 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
4 шілде 16:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рио Олимпиадасында Қазақстан байрағын таеквондошы Руслан Жаппаров ұстайды – Н.Назарбаев


Бүгін Ақордада Рио Олимпиадасына баратын спортшылармен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Қазақстан туын таэквондошы Руслан Жапаровқа табыстады. Спортшы ел туын Рио Олимпиадасында желбiрететiн болады.

«Біздің туды Руслан Жапаров қабылдап алады. Ол бұл туды Олимпиада стадионына салтанатпен алып кіріп, үлкен жеңістермен оралсын», - деген Елбасы Туды спортшыға табыс етті.





Мемлекет басшысы спортшыға туды Олимпиада стадионына апарып, оны жоғары көтерiп, жеңiспен оралуын тiледi. Ал спортшы өз кезегiнде байрақты тек биiкте желбiретуге бар күш жiгерiн салатындарын айтып, Қазақстан әнұранын асқататып қайтуға серт бердi.

«Аса құрметті Елбасы! Сіздің қолыңыздан алған  байрағымызды тек биікте желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің Әнұранын асқақтатып қайтуға серт береміз. Сеніміңізге рахмет!» - деді Р.Жапаров.
 
Айта кетейік, спортшылар мен жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы биыл тамыздың 5-21 аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтедi. Қазақстандықтар Олимпиадаға 26 спорт түрiнен 100-ден астам жолдама ұтып алды.

Дереккөз:Қазақпарат
нравится:    786
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии