24 Октябрь
13:33
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Спорт
5 тамыз 12:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Риода журналистер бос уақытын қалай өткізіп жатыр? (ФОТО)
Бүгін Риодағы ҚазАқпарат тілшісі журанлистер тұратын қонақ үйдің тыныс тіршілігін оқырмандар назарына ұсынады.
Риоға әлемнің әр түкпірінен жиналған тілшілер қауымы бір жерге орналасты. Әлі де келіп жатқандар бар. Қонақ үй қаланың шетінде, тау етегіне орналасқан. Аулада не керек бәрі бар. Ішпек-жемек сататын дүкендер де, демалатын жайлы орындар да, тамақтанатын асхана да жақсы жұмыс істеп тұр. Шомылатын бассейінде журналистерге қол жетімді. Кім қай уақытта шомылғысы келсе, сол уақытта шомыла алады.
Қонақ үйдің сырты биік дауалмен қоршалған. Батыс және шығыс жағында екі үлкен қақпа бар. Кіріп шыққанда сол жерден қатаң тексереді. Мойыныңыздағы іліп жүрген акредитацияңыз болмаса журналистер ауылына кіре алмайсыз. Тіпті, автобусқа да акредитацияға қарап отырғызады.




     Журналистер тамақтануда. Асхананың сыртында да, ішінде де еркін тамақтануға болады




                                Қазақстандық тілшілерде осы жерден тамақтанады


                                             Асханадағы аспаздар қарбалас үстінде


                                      Қызметкерлердің қонақтарға ілтипаты өте жақсы


                         Асханаға таңғысын ертерек бармасаңыз тамақтары түгеп қалады




                 Журналистерді таситын автобустар. Кіргенде қатаң тексеріп кіргізеді


Қонақ үйдің қақпасынан бөгде адамдар өте алмайды. Күзет өте күшті. Акредитацияға қарап кіргізіп, шығарады


Дүкенде ішпек-жемектің бәрі бар. Арақ-шарапты да, темекінің де түр-түрін табуға болады. Қытай лапшалары да толып тұр. Бағалары аса қымбат емес


                                     Журналистерге қызмет көрсететін орын 




            Қонақ үйдің ішінде әлі толық бітпегендері де бар. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр


                            Рио олимпиадасының белгісімен безендірілген көлік
 
нравится:    716
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии