|    |  
13 қараша 2019
02:17
қаз
​Роман Ким өнері мен өміріне қатысты шындығын жайып салды
18 қазан 2019, 11:17 93
«Супер Star» жобасында жарық жұлдыздай жарқыраған Роман Ким бірнеше жыл жұрт көзіне көрінбей кетіп еді. Әнші көп жылғы үзіліс пен үнсіздіктен кейін «Если честно» бағдарламасына сұхбат беріп, өнері мен өміріне қатысты барлық шындықты айтты.


 
«Сахнадан көрінбей кетуімнің себебі бар. Мен өз еркіммен кеткен жоқпын. Мені мәжбүрледі. «Супер Star» аяқталар кезде басшылар ауысып, бізге келісімшартқа қол қоюды ұсынды. Қатысушылардың кейбірі келісті, кейбірі келіскен жоқ. Мен де келіскен жоқпын. Содан кейін менің жолым жабылды. Әр нәрсенің екінші жағы бар. Әр салының «сұр кардиналдары» бар. Сол адамдар Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жолымды жабатындарын айтты. Алдын ала жоспарланып қойған үлкен концерттерден де алып тастап жатты. Осылайша мен елден кетуге мәжбүр болдым. Қазір кәріс театрында әртіс болып жұмыс істеймін»-деген әнші ата-анасы мен жеке өмірі жайлы да айтқан.
 
«Менің анам қазақ. Арғын руынан. Анамның атасы 7-8 тілді жетік білген, молда болған адам. Жүзден асқан жасында көз жұмған. Өте көзі ашық, білімді кісі болған. Ал әкем кәріс ұлтынан. 37-38 жылдары Қазақстанда репрессияланған кәрістердің ұрпағымыз. Өзім отбасын құрғанмын. Қызым 7-де, ұлым 3-те»-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар