Спорт
28 тамыз 14:24
Роналдо Испанияның футбол клубын сатып алмақ



Аты аңызға айналған бразиялық футболшы Роналдо Испанияның "Реал Вальядолид" футбол клубын сатып алмақ, деп хабарлайды "Советский спорт" басылымы.

Cadena SER мәлімдегендей, мәміле сомасы €30 млн құрайды. Осылайша Роналдо "Реал Вальядолид" клубының бас акционері әрі президенті атанбақ.

Дереккөзінің хабарлауынша, мәміле алдағы екі немесе үш апта ішінде аяқталуы мүмкін. Осылайша клуб өзінің €25 млн қаразын жаппақ.

2017/18 жылғы маусым қорытындысы бойынша "Реал Вальядолид" Испанияның Премьер-лигасына өткен. Чемпионаттың бірінші турында команда "Жирона" командасымен тең ойнаса (0:0), екінші турда өз алаңында "Барселона"-дан жеңілген (0:1).
 

Комментарии




Яндекс.Метрика