13 Декабрь
21:04
Астана: -23 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Спорт
1 шілде 10:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Роналду 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін
Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін. 



Қазіргі таңда Португалия жастары Еуропа ойындарының финалына шығу көрсеткіші бойынша Олимпиадаға жолдама иеленіп үлгерді. Енді ережеге сәйкес, Олимпиада ойындарында құрама сапына 23 жастан асқан үш ойыншыны қосуға болады. Осыған орай Португалия футбол қауымдастығы Роналдуға қатысуға өтініш білдіріп көрмек.

Роналдудың Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар. Біздің Олимпиадаға 23 жастан асқан үш ойыншыны алып баруымызға құқығымыз бар. Роналду – үшеудің біреуі болуы мүмкін. Бірақ әлі ресми ұсыныс жасаған жоқпыз, - деді Португалия футбол қауымдастығының президенті Фернанду Гомеш.

Осы жерде айта кететін жайт, Криштиану Роналду клубтық деңгейде талай жетістіктерге жеткенмен, Португалия құрамасы сапында биік белестерді бұған дейін бағындыра алмай келе жатыр.

eurosport.ru
нравится:    801
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии