Спорт
5 қазан 15:19
Роналду Головкиннің «instagram» парақшасына тіркелді

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының көшбасшысы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің «instagram» желісіндегі ресми парақшасына жазылды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлап отыр.

Танымал футболшы «Instagram» желісінде 184 аккаунттың жаңалықтарын шолып тұрады екен. Олардың қатарында Геннадийден бөлек Флойд Мейвезер, Майк Тайсон, Сауль Альварес, Шейн Мосли, Заб Джуда сынды боксшылар және «Golden Boy» промоутерлік компаниясы мен «НВО» арнасының ресми парақшалары бар.

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин осыған дейінгі сұхбаттарында  «Реал» мен Роналдуға жанкүйерлік танытатыны туралы айта кеткенболатын.  

Дереккөзі: massaget.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика