Спорт
17 желтоқсан 18:14
Роналду Пеленің рекордын қайталады


Мадридтік «Реалдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің рекордын қайталады, деп хабарлайды «Чемпионат.com».

Әлемнің клубтық чемпионатында Роналду бразилиялық «Гремио»-ға қарсы ойында ерекше көзге түсті. Бұл Роналду үшін турнир барысындағы жетінші ойын болды. Осылайша, ол Пеленің Құрлықаралық кубок секілді ӘКЧ рекорды қайталады. Бразилиялық футболшы «Сантос» құрамында жеті гол соққан болатын. 1962 жылы Пеле «Бенфики» қақпасына бес гол, ал 1963 жылы «Милан» қақпасына 2 гол соққан болатын.

«Реал» әлемнің клубтық чемпионатында «Гремионы» жеңді. Абу-Дабиде өткен кездесудің қорытындысы 1:0 есебімен испаниялық клубтың пайдасына шешілді.

8 желтоқсанда Роналду өзін футбол тарихындағы ең үздік футболшы деп жариялады. Оған «Алтын доп» сыйлығын бес рет жеңіп алуы себеп болды. Марапаттың саны бойынша ол аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге теңесті.

Пеле әлемдік футбол чемпионатындағы жеңістер саны бойынша рекордшы болып табылады – ол үш рет мундиаль жеңімпазы атанды (1958, 1962 және 1970 жылдары).


Дереккөзі: lenta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика