|    |  
27 наурыз 2019
01:16
қаз
Роналду үшінші рет жалақысы ең көп футболшы атанды
12 мамыр 2016, 15:18 3

Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду, Forbes нұсқасы бойынша, үшінші рет қатарынан жалақысы ең жоғары футболшы атанды.
Роналдудың 2015 жылғы табысы 82 миллион долларды құрады, оның 53 млн-ы «Реалдың» жалақысы мен түрлі сыйақылары, ал 29 млн-ы - демеушілермен жасасқан келісім шарттар негізінде  төленген. 2014 жылы португалиялықтың табысы 79 миллион долларды құрады, деп хабарлады Лента.ру.
Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында «Барселонаның» аргентиналық форварды Лионель Месси тұр - 77 миллион (51 - жалақы және бонустар, 26 - демеушілер), үшінші орында «Пари Сен-Жермен» швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович - 37 миллион (30 - жалақысы және бонустары, 7 - демеушілер).
Алғашқы ондыққа іліккендер:
4. Неймар (Бразилия, «Барселона») - 36 миллион (14 - жалақы мен бонустары + 22 - демеушілері),
5. Гарет Бейл (Уэльс, «Реал») - 34 (24+10),
6. Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед») - 26 (20+6),
7. Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити») - 24 (17+7),
8. Луис Суарес (Уругвай, «Барселона») - 23 (18+5),
9. Эден Азар (Бельгия, «Челси») - 22 (18+4),
10. Сеск Фабрегас (Испания, «Челси») - 21 (16+5).
Әлемдегі ең бай футболшы осыған дейін ағылшындық Дэвид Бекхэм болған. 

​ ҚазАқпарат


Жаңалықтар