21 Август
19:53
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Авто
26 сәуір 15:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Роналдудің авто коллекциясы (Видео)

Жігіттердің жүрегін елжірететін, ешқашан қызығы таусылмайтын бірден-бір нәрсе – автокөлік. Көне заманнан астындағы көлігіне қарап жігіттің қандай екенін бағалаған бабаларымыз, оның қандай таптан шыққанын бірден аңғаратын болған. Бүгінгі таңда бұл үрдіс өз құндылығын жоғалтпай келеді. Ер азаматтар көлікке баға берер алдында ең бірінші оның маркасына, бағасының бас айналдырарлық қымбат болуына, жылдамдығына әрі салонына қарасаң көз тоймайтындай сұлул болуына баса назар аударады.

Кейде күнделікті жол жиегінен көрінген көліктердің бір сарындылығын қаламайтын жандар темір тұлпарын сәндеп, басқаша өң беруге тырысады. Бүгін біз сіздерге әлемге танымал испаниялық "Реал Мадрид" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың қандай бағалы автокөліктері бар екенін ұсынамыз.  Көптеген адамның қолы жетпейтін темір тұлпарларды тізгіндеп жүрген шабуылшының спорттан тыс автокөліктерге қызығушылығы ерекше екенін де айта кетейік. "Rolls Royce" пен "Lamboghini Aventador"-ді қатар мінген жігіттің болашақта қандай көлік шықса да алатынына шек келтірмейміз. 


massaget.kz
нравится:    825
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии