Спорт
27 қазан 09:52
Роналдудың ұлы Испания премьерінің балаларымен бірге оқиды
Мадридте орналасқан British Council мектебі – Испаниядағы ең айтулы білім ошақтарының бірі.



Ал егер келесі жаңа оқу жылында мұнда өткізілетін ата-аналар жиналысында премьер-министр Мариано Рахой мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду кездесіп қалса – таң қалмаңыз. Себебі Vanitatis басылымының хабарлауынша, «Реал Мадридтің» атақты ойыншысы тұла бойы тұңғышын Испания үкіметі басшысының балалары баратын мектепке оқытуға жаздырып қойыпты. Ел астанасының Prado de Somosaguas сәулетті ауданында орналасқан ғимаратта білімнен сусындау айына әр бала үшін 600-1200 еуро тұрады. British Council мектебінде тек шенеуніктердің ғана емес, жергілікті танымал жұлдыздардың да балалары оқитын көрінеді, деп жазады espanarusa.com.

Дереккөзі: 24 kz

Комментарии




Яндекс.Метрика