12 Декабрь
02:41
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Мәдениет
9 қазан 14:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Роза Әлқожа кәсіпкер атанды
Cегіз қырлы, бір сырлы белгілі әнші, ақын, сазгер, тележүргізуші, көп балалы, ана Роза Әлқожа енді елге кәсіпкерлік қырымен танылмақ. Жақында ол  «Мен сыйға тартқан орамал» дүкенін ашты. Дүкен тек қазақы нақыштармен өрнектелген орамалдарды сатумен айналысады.



Роза Әлқожа бұл туралы өзінің instagram-дағы парақшасында былай деп жазады: «Мен сыйға тартқан орамал» дүкенін ашуды бастағанда кəсіпкер емеспін деп тартышақтап ем. Бірақ, бұрыннан футболка кисек те қазақша өрнегі боп тұрса деп армандайтынмын. Орташа бағада, қымбат болмасын деген тілек болды. Сөйтсем,бізде мата өте қымбат екен. Бояу бар, тігуі бар... Дизайнерлер жасаған эксклюзивті дүниелерді арзан қоя алмайсың. Өйткені шығынды ақтамайды. Олар да сəнін келтіріп тұрар дедік»,- деді.
Әншінің сөзіне қарағанда, бұл орамалдар қатты қымбат емес, ең бастысы ол қарапым халық үшін қол жетімді бағада.



Айта кетейік, Роза Әлқожа көпшілікке «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен танылған. Әншінің бағын ашқан да осы шығарма. Әннің сөзін  қазақтың белгілі ақын қызы Гүлнәр Салықбаева жазған.
 
Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
нравится:    2722
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии