25 Февраль
08:04
Астана: -23 °C
Алматы: -2 °C
USD/KZT: 319.65
EUR/KZT: 393.33
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.47
Мәдениет
8 ақпан 17:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Роза Әлқожа: Толықтығымнан қатты қысылатынмын
Әнші Роза Әлқожа Бақытты әйел бағдарламасына сұхбат беріп, сырымен бөлісті. Жас кезінде ішкі комплекстерінің көп болғанын, бір кездері өз-өзін жоғалтып алғанын айтады.


 
«Комплекстерім көп болды. Бір жерге баратын болсаң апаратын тойанаң болмай қалады немесе кеше киген көйлегіңді кигің келмей қалады. Негізі адамды материалдық жағдай билейді. Біз енді журналист, газет шықса біз үшін мереке. Қарапайым отбасымыз. Көп балалы отбасы болғаннан кейін өз-өзімізді күтіп, сәндеп, бір жерге барғанда күтімі керемет болып отыратын адамдар емеспіз. Ана бір бес маймылдың мультфильмі бар ғой. Біздің үй тура сол деп қалжыңдап айтамын кейде. Кішкентайымыз түнімен ұйықтамауы мүмкін. Үш бала сабаққа барады. Әрқайсы жеке тұлға. Олардың әрқайсына жеке көңіл бөлу қажет. Үлкені студент, оған да алаңдайсың. Солардан артылмайсың. Одан бөлек, мен үйдің үлкенімін. Менен кейін бес бала ерген. Оның үстіне атамның үйінде, қара шаңырақта өскенмін. Ол жақта алты бала. Сол біздің үйде ылғи да студенттер. Мен бауырларыма көмектесуім керек. Өзім жас, 23-те ғана болсам да олар үшін асқартаумын. Алматыда Роза бар деп бәрі біздің үйге келеді. Көлік алатыны да, оқуға түсетіні де, баласын оқуға түсіретіні де. Солай болып жүрген кездері менде жаңағы комплекстер болды. Бір жерге барайын десем шашым дұрыс емес, не көйлегім дұрыс емес. Толықтығым бар. Төртінші баладан кейін арықтай алмай қойдым. Салмағым 81 келі болды. Толықтық деген адамға көп комплекс сыйлайды екен. «Біреу арықтамайсың ба» десе де көңіліңе тиеді. Мен толып кеттім ғой, күйеуім жақсы көре ме екен осы мені деген де ой болатын. Сосын үйіміз дұрыс болған жоқ. Жер алдық, кішкентай ғана үш бөлмелі үй салдық. Бітпей тұрып оған кіріп алдық. Сонда қаншама қонақ күтеміз. Бірақ сол кездері күліп кеткен адамдар болды. «Аты дардай Роза Әлқожаның үйіне келдік пе десек, үйінің түрі мынау ма» дегендей қылды. Соның бәрі кей кездері ашындырып жіберген шығар. Сол кездері «Мен де елден қалмаймын» деп ұяңдығымды, сабырлылығымды жоғалтып алған шығармын»-дейді әнші.
 
Әнші сондай-ақ жетістікке қалай жеткенін, дос-жарандары мен араласатын ортасын да тілке тиек етті.
 
 Сен байдың да қызы емессің, байдың да әйелі емессің, сенен әнші шықса мұрнымды кесіп берейін деп кекеткен кісі де болды. Расында бәріне өз еңбегіммен жеттім. Өнер мен отбасыны қатар қойғанда отбасыны таңдаған адаммын. Сахнаға кештеу шыққаннан кейін де шығар, бәрімен сәлемем түзу, бірақ жақын араласа алмаймын. Менің сырласатын құрбыларым бұрынғы журналистер. Ән, өлең жазған кездеріме куә болған, ақыл берген достарыма адалмын.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    180
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии