22 Ноябрь
15:20
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
22 шілде 13:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Роза Рымбаева автобуспен гастрольге шықпақ
Атақты Роза Рымбаева автобуспен гастрольге шықпақ


Халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі мерейтойын кең көлемде атып өтіп жатыр. Айтулы датаға орай әнші Қазақстанды түгел аралап, тыңдармандарын әнге бөлемек деп хабарлайды КТК арнасы.

Рымбаеваның өнердегі жас буынмен бірге 2 айға созылған ән сапары 21 шілдеден басталып та кетті. Шара 28-ші қазанда Алматыда өтетін есеп беру кешімен аяқталмақ.

Талантымен талайды тәнті еткен Қазақстаннның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахна төрінде жүргеніне биыл 40 жыл. Сол кезден бері әнші халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Репертуарындағы әндер саны бүгінде 400-ден асқан. Ол өнер көрсетпеген сахна, орындамаған ән кемде-кем.

“Халықтың маған деген махаббаты мені әрқашанда үлкен бір белестерге жетелейді. Әрбір концертім мен үшін шығармашылық емтихан. Мен енді, болдым, толдым деп тұрғаным жоқ”, – дейді Рымбаева.

Әнші өнердегі мерейтойын кең көлемде атап өтуді жоспарлаған. Арнайы ұйымдастырылған ән сапар 2 айға созылып, Қазақстанның барлық өңірін қамтымақ.

Сапарға мерейтой иесімен бірге жас әншілер де шығады. Олардың қатарында Мәдина Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова мен әншінің ұлы Әли Оқапов та бар.

Дереккөз: КТК арнасы
нравится:    809
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии