20 Август
07:55
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
7 маусым 17:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Роза Рымбаеваға ұлы Мәди ЭКСПО-ға арнап ән жазып берді



Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жақында ғана НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында ЭКСПО-да ән кешін өткізіп, қазақ елінің мерейін үстем етуге ниетті екенін білдірді.Қазақ эстрадасының примадоннасы қазіргі таңда өзінің 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отырған елордағы елеулі шара – ЭКСПО-ға қызу дайындық жүргізіп жатыр.

«Мерейтойды кереметтей атап өту мақсат емес. Ең біріншіден, халықтың алдында есеп беру. Концерттермен көбірек шығу, бүгінгі деңгейді көрсету», – дей келіп әнші өзінің төл мерекесі – мерейтойын атап өтуден гөрі қазақ өнерінің құдіретін шетелдік қонақтарға паш етуді перзенттік парызым деп білетіндігін жеткізді.

«Үш ай бойы бүкіл Қазақстанның жұлдыздары еңбек етеміз. Себебі ұлтымыздың музыкасын, бүгінгі мәдениетін көрсетуіміз керек. Қазір сол концертке дайындалып жатырмыз. Онда көптеген дуэттер орындалуы мүмкін. Тек өзімізден емес, басқа мемлекеттен де дуэт шақыруымыз мүмкін», – деп ағынан жарылды Роза Рымбаева.

Тамыз айына жоспарланған ауқымды концерттің музыкалық продюсері – әншінің ұлы Әли Оқапов болмақ. Сондай-ақ, осы ән кешінде Халық әртісі өзінің ұлы Мәдидің арнайы жазып берген әнін тыңдармандарға тарту етпек.

Өз кезегінде Мәди Рымбаев аталған тырнақалды туындысын жазу барысында қатты қиналғанын, өз стилі мен Халық әртісі стилінің ортасындағы дәнекерді дөп тауып, үлкен музыка әлеміне жолдама бергелі отырған осы әнді жазуға бірнеше апта уақытын арнағанын тілге тиек етті. «Жауапкершілік өте жоғары деңгейде болды, сол үшін көп іздендім», – деді Мәди Рымбаев.

 
нравится:    380
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии