|    |  
22 қараша 2018
01:07
қаз
​Рубль бағасы тағы да арзандады
07 тамыз, 15:25 1130
Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағасы одан ары арзандай түсті.


Бүгін, 7 шілдеде Мәскеу қор биржасында таңертеңгілік саудада еуро бағасы 70 рубльге, доллар бағасы 64 рубль 4 тиынға жетті.

Еуро бағасы наурыз айынан бері, ал доллар бағасы ақпан айынан бері төмен болып тұрған.

Рубльдің құлдырауы Ресей экономикасының әлемде мұнай бағасының арзандауы мен батыс елдерінің санкциясы әсерінен рецессияға түсуімен байланысты.

2014 жылы рубль өз құнының жартысына жуығын жоғалтқанымен, биыл жыл басында мұнай бағасы тұрақтанған соң қалпына келе бастаған.

Дереккөзі: Азаттық
Жаңалықтар