19 Август
22:42
Астана: 15 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
21 маусым 17:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Румынияда радиоактивті көл ауылды басып қалды


Румынияның Джамана шағын ауылын уытты көлдің тасыған суы басып қалған сәтібейнеленген фотолар TJournal  порталында жарияланды.
 
1970 жылы Джамана тұрғындарының басым бөлігі өздері тұрып жатқан баспаналарын тастап, көшуге мәжбүр болған. Бұл үшін олар мемлекет тарапынан жәрдемақы да алған. Бұған басты себеп – ауылға жақын маңнан мыс кен орнының ашылуы болып табылады.



Алқапты бөгеттің көмегімен қоршаған да, оның көліне қалдықтар мен қоқыстар жинала бастаған. Уланған қызыл түсті судың деңгейі жыл сайын шамамен 1 метрге дейін көтеріліп отырады.

Шамамен жиырма шақты тұрғын алқапта өмір сүріп жатыр, бірақ олар су деңгейінің көтерілуіне байланысты бірте-бірте таудың баурайынан жоғары орын ауыстырып отыруларына тура келеді.




Жергілікті зират пен шіркеуді су басып қалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кезінде кен өндіруші компанияның өкілдері шіркеудің мұнарасын бұзбақ та болған екен. 










 
нравится:    143
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии