17 Октябрь
23:07
Астана: 11 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
28 шілде 17:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Руслан Күлікбаев: мен формадағы адамдарды таңдадым, өзгелерге тиіскенім жоқ


Алматыда теракт жасады деген күдікті Руслан Күлекбаев қолына қару алғызған жайттар туралы айтып берді. 

"Расында, мен судьялар, прокурорлар мен полицейлерден кек алғым келді – маған кесілген жаза әділ емес. Алдымен Алмалы аудандық сотына бардым, бірақ форма киген ешкімді кездестірмедім. Ол жерден Алмалы АІІБ-ге жеттім де, посттан шыға салған адамды аттым. Сосын өзге полицейлерді аттым... Мен формадағы адамдарға оқ аттым – қарапайым адамдарға тиіспедім. Жезөкшенің өлімін айтар болсам, мен оған және өзге жезөкшелерге істерінің харам екенін бірнеше рет ескерткем. Әсіресе қасиетті Рамазан айында. Жезөкшелік үшін Алланың қаһарына ұшырайсыңдар деп едім, олар тыңдамады. Сосын мен оны атып тастадым", - дейді күдікті.

Қаруды – Макаров тапаншасы мен шолақ мылтықты – ер адам тауып алған-мыс. Оның сөзіне қарағанда, қай жерден тауып алғаны есінде жоқ. Қаруларды полицейлер тексерген – екі қару да еш жерде тіркелмеген, ешқандай қылмысқа қатысы жоқ. Күлікбаевтың сөзінше, ол пейнтбол арқасында атуды жақсы меңгерген.

"Бұрындары кикбокспен кәсіби түрде айналысқам және облыстық жарыстарға баратынмын, тек, бірінші орын иеленген емеспін. Әскерде болғаным жоқ, бірақ аңшылыққа қызығатынмын, оның үстіне пейнтболды жиі ойнайтынмын", - дейді ол.

Дереккөз: today.kz
нравится:    2079
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии