18 Декабрь
01:22
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
5 қазан 10:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рүстем Нұржігіт жаңа бейнебаянының тұсауын кесті


Белгілі әнші, «Қазақстан» арнасынде көрсетіліп жатқан «Қазақстан дауысы»  жобасының тәлімгерлердің бірі  Рүстем Нұржігіт «Ақ көйлегім» атты әніне бейнебаян түсіріп, көпшілік назарына ұсынды.  Бұл туралы ақпарат әншінің instagram-дағы жеке парақшасында жарияланған.
​Әннің сөзін  Құрманай Бақтиярқызы, ал әнін  Абай Ақбаев жазған.



Айта кетейік, Рүстем Нұржігіт  кезінде түрлі топтарда өнер көрсеткен болатын. 1995 жылы Арман Дүйсеновпен бірге «Достар» атты топ құрып, республикалық «Жас қанат» байқауына қатысып, «Көрермен көзайымы» жүлдесіне ие болды. Сосын Данияр Құсайновпен 2002 жылы «Алан» тобын құрды.Топ тағдыры тағы ұзаққа созылмады. 2004 жылы Ринат Гайсинмен кездесіп Бейбіт Кушкалиевпен танысып «KZ» тобын құрды. Бейбітпен бірге жеті жыл жұмыс істеді. Сосын белгілі себептере байланысты, ол топ та тарап кетті.
 
Енді Рүстем жеке әнші ретінде көпшілікке танылып жүр. Біз әншіге шығармашылық табыстар тілейміз!

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
 
нравится:    897
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии