|    |  
20 қаңтар 2019
14:03
қаз
​Рымбаева жастықтың құпиясымен бөлісті
23 қыркүйек 2015, 13:00 1642
Роза Рымбаева Атырау қаласына ән сапармен бармақшы. 27-қыркүйекте эстрадамыздың примадоннасы сахнада жүргеніне 40 жыл толған мерей тойын атап өтпек. Танымал әндерімен қоса, әнші сиясы кеппеген жаңа әндерді де орындамақ. Жастардың жетістігіне қуанатын, оларды қолдан келгенше қолдауға асығатын әнші эстрадада сапалы әндердің көп болғанын қалайды.



Ол әннің сөзі мен әуенінен үндестік көргенде ғана, жүрекпен орындайды. Соңынан ерген ізбасарларына да сондай кеңес береді.  Үнемі жастықтың құрдасындай құлпырып жүретін Роза Қуанышқызы жайдары жүруіміз  - сахнаның арқасы дегенді алға тартты.

"Сахнаға барымызды киіп, әдемі әнімізді айтып шығамыз. Сахнаның киесі ғой, жасымызды, жағдайымызды ұмытып кетеміз. Халықтың алдына жадырап, жарқырап шыққымыз келеді", - дедi жастықтың құрдасы Роза Рымбаева.

Дереккөзі: gakku.kz


Жаңалықтар