22 Август
15:10
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Спорт
9 тамыз 11:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рыспаев дөрекілік танытқан Қытай хоккейшілерін аяусыз соққыға жықты (ФОТО, ВИДЕО)


Астанада Құрлықтық хоккей лигасына енді ғана қосылған Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубы ҚР Президенті Кубогы жолындағы жарыста жаппай төбелес шығуына байланысты елордалық «Барыспен» ойнаудан бас тартты.

Ә дегеннен-ақ бейжіңдік команда мен жергілікті «Барыс» клубының басы бір қазанға сыймай қалды. Жаппай төбелес салдарынан «барыстық» Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков матч соңына дейін ойыннан шеттетілді. Дегенмен ойын одан әрі жалғасқан жоқ. Кездесуден бас тартқаны үшін «Куньлунь Ред Стар» клубына 5:0 есебімен жеңіліс жазылды.
 
5 тамыз күні жолдастық кездесуде «Куньлунь Ред Стар» «Барысты» ұтқан болатын. Үшінші кезеңде қытайлық команданың ойыншылары «Барыстың» шабуылшысы Дастин Бойдқа қарсы дөрекі ойнады. Салдарынан 41-ші нөмірлі ойыншыны алаңнан зембілмен алып кетуге тура келген еді. Осы оқиғадан соң елордалық команда Дастин үшін есе қайтаруға бекінген секілді.
 




Дереккөз: bnews.kz
нравится:    676
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии