21 Ноябрь
23:22
Астана: -12 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Спорт
20 маусым 11:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

С.Қонақбаев: Бүгінде Азияда бокстан екі ерлер құрамасы ғана лицензияның толық жиынтығына ие


Әзербайжан астанасы Баку қаласында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) ұйымдастыруымен бокстан Олимпиадалық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Оған 92 елдің 375 боксшысы қатысуда. Бұл туралы Азиялық бокс конфедерациясы хабарлады.
АИБА вице-президенті, Азиялық бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев: "Бұл жарыс Рио олимпиадасы алдындағы соңғы іріктеу кезеңі. Онда 39 лицензия ойнатылады.  Азия құрлығынан жүзге жуық мықты боксшы қатысып жатыр. Олар  лицензияны барынша көп алуға қол жеткізеді деп үміттенеміз. Бокстың дамуы мен бәсекелестіктің күшеюіне байланысты бұл өте қиын", - деді.
- Бүгінгі таңда Азия өңірінің екі ерлер құрамасында барлық 10 салмақ дәрежесі бойынша толық лицензиялар жиынтығы бар. Бұлар -  Қазақстан мен Өзбекстан командалары. Екі ел де былғары қолғап шеберлері мықты державалар және олардың спорттың бұл түрінде сенімді орны бар, - деп атап өтті Серік Қонақбаев.
Турнир 2016 жылы 16 маусымда басталды және 25 маусымда аяқталады.
 
нравится:    907
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии