20 Октябрь
11:03
Астана: 8 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
19 тамыз 18:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Саакашвилидің жұбайы депутат сайланбақ

 
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің зайыбы Сандра Руловс 8-қазанда өтетін парламент сайлауына өз кандидатурасын ұсынбақ. Ол «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының атынан Зугдид округінің депутаттығына түспек.
 
Ол өзінен не себепті саясатқа араласқысы келетіндігін сұрағандарға: «Менің «бірінші ханым» дәрежесінен түскеніме шамамен төрт жыл өтті. Және мен Грузияны сырттан бақылап келемін. Осы уақытта жаңа Үкіметтің жақсы жұмыс істеуіне болар еді. Оларға кім кедергі жасады? Мен жасалған жаңа бір дүние көрмедім»-деп жауап берген.
 
Михаил Саакашвилидің өзіне бірнеше қылмыстық іс бойынша сырттай айып тағылған. Оның ішінде мемлекет қаражатын жеке басына жұмсау фактісі де бар. Бұрынғы президент елдің жаңа президенті Георгий Маргвелашвили қызметіне кіріскеннен кейін-ақ елден кеткен. Қазіргі таңда Саакашвили Украинада тұрады әрі Одесса облысының губернаторы қызметін атқарады.
 
Дереккөз: vesti.ru
нравится:    713
Теги: Саясат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии