|    |  
26 маусым 2019
06:56
қаз
Сәби дамуының сатылары
04 маусым 2019, 17:35 35


Таяу арадағы бірнеше ай ішінде сәби сондай тез өседі. Ол сезініп, қарым-қатынас жасап, қозғалып, сөйлей бастайды. Алайда ол Сіздің сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығыңыздың арқасында ғана өз жетістіктеріне қуанып, рахаттана алады. Сәби дамуының әрбір сатысындағы ерекшеліктерді білу арқылы, сіз оның әлемді ашып, жаңа әсерлерге ие болуына көмектесе аласыз. Әр минутты қастерлеңіз, себебі бәрі де тұңғыш рет және күтпеген жерден болады.

✅  1 айлығында
Етбетінен жатып, Сіздің сәбиіңіз басын көтеріп ұстауға тырысады.

✅  2 айлығында.
Сәбиіңіз күледі және "уілді" дыбыстар шығарады. Бұл мерзімде сәби өзінің айналасындағы заттарға қызығушылықпен қарай бастайды.

✅  3 айлығында.
Сәби Сіздің жүзіңізді, дауысыңыз бен исіңізді біледі. Сіз шақырғанда ол дауыс шыққан жаққа мойын бұрып, күледі де, жауап орнына "уілдейді".

✅  4 айлығында.
Сәби басын сенімді ұстайды. Қолынан тартып көтергенде, ол тұруға талпынады. Сәби сондай-ақ, өз ойыншықтарына талпынып, оларды ұстауға тырысады. Бұл мерзімде сәбидің алғашқы тістері шығуы мүмкін.

✅ 5 айлығында.
Сәбиіңіз өзінің атына елеңдейді. Сәбиіңіздің үйдегі бейтаныс адамдарды байқауын да аңдуыңыз мүмкін. Бұл кезде сәби негізгі түстерді ажырата біледі. Шалқасынан жатып, етбетіне аунай алады.

✅ 6 айлығында.
Сәби өзіне арналған дауыс ырғағын саралай алады және бірқатар дыбыстарға еліктей бастайды. Назар аударыңыз, ол аузымен көпіршіктер үрлейді.

✅ 7 айлығында.
Сәбиіңіз біркелкі дыбыстар шығаруға тырысады. Бүлдіршін белсенді еңбектеуді бастайды, ойыншықты алып, оны айналдырады немесе тіпті жақын жерде тұрған затқа қолын созады.

✅ 8 айлығында.
Бұл кезде сәби өзі отырып, өзі жатады, бөгденің көмегінсіз аяғына тұрады және қайта отырады. Бір аяғын екіншісінің алдына қойып, жүруге талпынады.

✅ 9 айлығында.
Сәби белгілі бір буындарды қайталауға тырысады. Заттарға сүйеніп, бөлме ішінде жүре бастайды.

✅ 10 айлығында.
Сәбиіңіз өзі естіген сөздерді қайталауға құлшынады. Сұраған кезде ол өзіне таныс ойыншықты тауып, әкеліп береді. Шөлмектен ішкен кезде оны тік ұстауға Сізге көмектескісі келеді.

✅ 11 айлығында.
Бұл кезеңде нәресте "бер" деген сияқты қарапайым сөздерді айта бастайды. Ол құмарлана ойнайды. Мысалы, текшелермен, тіпті өз бетімен тұра да алады.

✅ 12 айлығында.
Бұл кезде Сіздің сәбиіңіздің сөздік қоры 8-9-ға жуық сөзден құралады. Оған қоса ол үлкендерді аттары бойынша ажырата алады.


Жаңалықтар