21 Сентябрь
18:04
Астана: 23 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Мәдениет
8 маусым 16:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сағатова Сәпиевті Муз-ТВ кешінде таныстырмауының себебін айтты
Астанадағы Муз-ТВ кешінде жүргізуші болған қазақстандық әртіс Әсел Сағатова не себепті бокс чемпионы Серік Сәпиевті таныстырмай өткендігін түсіндірді.





Сағатова өз Instagram парақшасында сынға алғандарға жауап жазды.

«Муз-ТВ кешін өткіздік. Ең ұзақ — 9 сағатқа дейін созылды. Мен үшін эмоциялық тұрғыдан ең күрделі әрі аяқ-асты жасалған іс-шара. Достар, бізді шеберлігімен он есе асып түстетін ресейлік әріптестерімізбен салыстырмауларыңызды сұраймыз.  Өкінішке қарай, мұндай деңгейдегі концерттер бізде өте сирек өтеді. Сол себепті, бұның бәрі бізге таңсық дүние болғанымен келісетін шығарсыздар? Біздің сүйікті чемпионымыз, біздің мақтанышымыз — Серік Сәпиев сахнаға аяқ-асты шыққаны (оның орынан жүлдені өзгелер табыстауы тиіс болатын — әртістің ескертпесі) және сахнаның басқа шетінен оның бет-жүзін анықтап қарай алмағаным өте өкінішті. Осының салдарынан Серікке өзін таныстырып тұруға тура келді. Алайда мұндай форс-мажорлар кез-келген жерде орын алуы мүмкін. Бұл тікелей эфир. Және тек кішігірім жерлерде қателіктер жіберілді. Сіздердің сезімдеріңізге әсер еткенін түсінемін. Менің осы қателік үшін ұйымдастырушыларға ызалануға да күшім қалмады. Сіздер мені де кешіріңіздер!!! Біз өзіміздің қатысуымызбен аз да болса жақсы үлес қостық деген үміттемін. Барлықтарыңды жақсы көремін! Барлықтарыңа жақсылық тілеймін!», — деп жазды Сағатова парақшасында.



Боксшы Сәпиев те бұл оқиғаға байланысты өз пікірін айтты. Сәпиевтің айтуынша, оны шара ұйымдастырушылары жүлде табыстау үшін емес, қонақ ретінде шақырған.

Еске салсақ, МУЗ-ТВ жүлдесінің кезінде «Үздік рок тобы» аталымында Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев пен ресейлік актриса Настасья Самбурская марапаттаған болатын. Алайда жүргізушілер Максим Галкин мен Әсел Сағатова оларды таныстырмады.
«Настасья, меніңше, бұл бокстан әлем чемпионы» деп сұрақ қойды Галкин.
«Мені білмейтіндеріңіз болса, менің аты-жөнім Серік Сәпиев, мен бокстан Олимпиада чемпионымын», — деп іле кетті боксшы «Астана-Арена» аренасына жиналған халықтың қошеметіне бөленіп.
Аталған оқиғаға қатысты, қазақ мақтанышы Серік Сәпиев ұйымдастырушыларға өкпе-ренішінің жоқ екенін де айтып өтті.
нравится:    828
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии