11 Декабрь
17:02
Астана: -9 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Мәдениет
17 қараша 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«САҒЫНДЫРҒАН ӘНДЕР-АЙ» КӨРЕРМЕНДІ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Сан ғасырлық қазақ музыкасының байлығы — әсем әндер шырқалатын «Сағындырған әндер-ай» атты дәстүрлі ән кеші өтті. Жыл сайын өткізелетін шара биыл Астана қаласының көрермендерін әсем әндерімен қуантты. Ән әлемінде өзіндік орны бар аға буын әншілерімен эстарадада қалыптасып келе жатқан жастармен бірігіп дуэт айтты. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысты. Олардың қатарында «Досмұқасан» тобы, Роза Рымбаева, Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Нұрғали Нүсіпжанов, «МузАрт» тобы, «Нұрмұқасан» тобы, Нұржамал Үсенбаева, «Жігіттер» тобы, Азия тобы, Абай Бегей, Жұбаныш Жексенұлы, Тамара Асар, Нағима Есқалиева, Саят Медеуов, Жанар Айжанова, Толқын Забирова, Маржан Арапбаева, Мадина Садуақасова, Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Жанар Дұғалова, Төреғали Төреәлі, Санда  сияқты халыққа жақсы таныс әншілер әннен шашу шашты.

Өнер кеші тосын сыйларымен көрерменді таңқалдырып, күтпеген дуэттер шырқалып ел есінде қалды.  40 жыл сахнада өнер көрсетіп жүрген Роза Рымбаева мен жас әнші Серік Ибрагимов, қоңыр дауысты Мейрамбек Беспаев пен Әли Оқапов, Халықаралық «Славян базары» байқауының Гран при иегері Димаш Құдайбергенов пен көптеген ән байқауларының жеңімпазы Әлішер Кәрімов дуэт боп ән айтты.

Кештің авторы және ұйымдастырушысы  «Майра» продюсерлік орталығының директоры Майра Ілиясова: «Мақсатымыз — ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл — «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.





Дереккөзі:baistars.kz
нравится:    851
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии