20 Октябрь
22:13
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
10 тамыз 09:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сағыз шайнау – онкологиялық ауру туғызады

Күнделікті тамақтан кейін сағыз шайнап, асты қорыту немесе ауыз қуысын тазарту дағды болғаны қашан. Бала кезімізде  қарамай мен өсімдік майларынан жасалған сағызды армансыз шайнадық қой. Алайда, қазір олардың түр-түрі көп. Тәтті, ащы, қышқыл, үлкен-кіші тіпті бірер жыл бұрын «ерлерге» , «әйелдерге» деген де түрлері қаптап кетті . Бірақ, құрамында химиялық заттар мен антисептиктер кездеседі. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік.

Біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртық қабықшасы әлсіреп, кариес пайда болады.

Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін.

Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Диетолог-мамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, пайдалы жағынан жұрдай дей алмаймыз:

Сағыз патогенді микрофлораның көзін жойып, сілекейдің бөлініп шығуына ықпал етеді.
Сілекей өз кезегінде астың дұрыс қорытылуына жол береді.
Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады.

anabol.kz
нравится:    917
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии