18 Ноябрь
21:56
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Туризм
13 қараша 12:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Сахара шөлінен ежелгі өзен табылды
​Ғалымдар Сахара шөлінен ежелгі өзен аңғарының іздерін тапты.



Олар бұл туралы Nature Communications журналындағы мақалада жариялады. Жалпы зерттеушілер қазіргі Алжир маңынан өзен құмын осыған дейін де тапқан болатын. Бірақ ол жерде ешбір су көзі болмағандықтан, құмның қайдан пайда болғаны жұмбақ болып келді. Өзен аңғарының іздерін PALSAR ралиолокациялы аппараты мен жапондық ALOS жасанды жерсерігі анықтапты.  Мұнан соң ғалымдар бұл деректерді тарихи мағлұматтармен салыстырып, Сахара шөлінің орнында өзен жүйесінің болғандығын дәлелдеді. Таманрассет деп аталған өзен шамамен 5 мың жыл бұрын болған екен. Ол Атлас тауларының оңтүстігінен бастау алған. Ұзындығы 500 шақырым жерге созылған Таманрассет ежелгі Мавританияға жетіп, Атлант мұхитына құйған. Бұл өзен осыдан 2 мың жылға жуық уақыт бұрын кеуіп кеткен, деп жазады epochtimes.ru.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    912
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии