21 Сентябрь
02:05
Астана: 17 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
15 шілде 11:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Сақалды қалыңдық»
«Сақалды қалыңдық»


Ұлыбританияның 24 жастағы тұрғыны Харнаам Каур бойжеткен ретінде келбетін сақал бұзып тұрса да, тұрмысқа шығуға әзір. Бұл үшін ағылшындық ару атақты лондондық фотограф жобасының аясында  фотосессияға қалыңдық киімімен қатысты. Харнаам поликистоздық без синдромына шалдыққанын ашық түрде мәлімдеді. Ол ағзада гормональдық өзгеріс туындатады. Оған сақал мен мұрт 11 жасынан шыға бастаған. Бұл үшін тіпті өзіне қол салғысы келген күндер де болған. Алайда бұл ойынан бас тартқан. Өткенде телеарналардың біріне берген сұхбатында бойжеткен сыртқы келбетін мақтан тұтатынын айтқан.
-   Менің бар болмысым – осы. Айналам қандаймын, солай қабылдаса деймін, – деді «сақалды қалыңдық».
Харнаам Ұлыбританияда тұрса да, түп тамыры үнділік екенін айта кеткіміз келеді. Ол сикхизм дінін ұстанады. Бұл дінде денедегі түкті қыруға тыйым салынған. Бойжеткен бұрын сақал-мұртын қырып тастағысы келсе, бұл дінді қабылдағаннан кейін ол ойынан бас тартқан.

ҚазАқпарат
 
 
нравится:    745
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии