17 Август
21:41
Астана: 23 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
20 маусым 16:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сәкен Майғазиев отбасындағы қуанышын бөлісті (фото)

Сәкен Майғазиевтің тұла бойы тұңғышы Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университетінде білім алып жатқан болатын. Күні кеше Әділет Сәкенұлы аталған ЖОО-ны тәмамдап, жоғары дәрежелі маман атанды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші қуанышы қойнына сыймай жүргенін жасырмайды. Баласының диплом табыстау кешіне ұшақтан түсе салысымен келген екен. Мұнымен қатар, Әділет пен оның достарын құттықтауға “Mysterions” тобы, Нұржан Керменбаев, Бейбіт Құшқалиев, Кентал сынды әншілер де асыққан.

“Ұшақтан түсе салып, диплом табыстауға келіп қалдық. Баламның достарын құттықтауға келген алтын ағаларына алғыс айтамыз. Сендерге де жұғысты болсын. Алла – ұлық! Ұлым диплом алып, қуанып жатқан жайымыз бар. Балам, биік белестерді бағындыра бер.

Алла тағала бізге тілеген тілектеріңізді өздеріңізге еселей бергей. Әрқайсымыздың шаңырағымызда шаттық болсын, ағайын. Алла тағала саналы, салихалы ұрпақтарымыздың жақсылығын көруді ғана үйғаруды нәсіп етсін”, – дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің ұлына ақ тілектерін жаудырып, әкесіне ұқсаған азамат болып өсуін тіледі. Бүгінде Сәкен мен жұбайы Динара Әділет пен Раяна есімді екі бала тәрбиелеп отыр.

нравится:    2721
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии