Кербез
29 желтоқсан 11:47
Салат әзірлеу кезінде жіберетін қателіктер
Салат – көпшіліктің сүйікті асы. Бірақ осы бір жеңіл тағамды әзірлеген кезде де қателіктер жіберіп жатамыз. Мәселен


  
Жуып, бірден араластырасыз
 
Сумен жуылған өнімдер салаттың дәміне әсер етеді. Сондықтан ас үйіңізде бос орын болса салат өнімдерін кептіретін кептіргіш сатып алыңыз. Егер ас үйіңіз тар болса өнімдерді үстел үстіне газет жайып суын сорғытып алыңыз.

Көкөністерге қажетті дәмдеуіштер
 
Біз дәмдеуіштерсіз салат жасалмайтындай көреміз. Бірақ мүлде олай емес. Сол себепті өнімдерді кептіргеннен кейін салатқа тұз бен бұрыш себіңіз. Нағыз дәмдеуіштер осы болмақ.
  
Кез келген дәмдеуіш жарайды

Дәмдеуіш салатпен үйлесуі тиіс. Мысал үшін ольвиеге сұйық май қоспайсыз ғой. Кез келген салат та сол сияқты. Тұздықты да тым көп қоспаңыз.
 
Барлығын бірден араластырасыз
 

Кейбір ингредиенттерді ең соңынан, дастарханға қояр алдында қосу қажет. Мысал үшін жаңғақ, қызанақ, фасольді ең соңынан қосқан жөн. Сондай-ақ дәмдеуіштерді салатқа соңынан қосып, бір-ақ араластырыңыз.

Қолыңызбен араластыру

Шын мәнінде салатты қолмен араластырған анағұрлым дұрыс. Салат жеңіл болуы тиіс. Қолмен араластырғанда салат жақсы араласады.



Дереккөз: goodhouse.com
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика