|    |  
21 қараша 2019
05:33
қаз
Салмағы 444 кг болатын әлемдегі ең қымбат торт жасалды
10 қыркүйек 2015, 10:34 49


Сәнді киімдердің дизайнері Дэбби Вингам әлемдегі ең қымбат тортты жасады, деп хабарлайды Mirror.

Торт жалпы құны £48.5 млн бағаланатын 4 мың  гауһартастармен безендірілген. Қымбат асыл тастардың ішінде 5.2 каратадағы алқызыл гауһартас және 6.4 каратты сары гауһартастар бар.

Торттың өзі сән көрсетілімінің көшірмесі болып табылады.  

Торттың жалпы салмағы 444 кг тең. Тортты БАӘ бір клиент өзінің қызының ұзату тойына арнап тапсырыс берген көрінеді.

Тортты безендіруге дизайнерлердің  45 күні кеткен. Оны дайындауға 114 кг глазирленген карамель мен 57 кг шоколад кеткен.
 


Жаңалықтар