|    |  
16 желтоқсан 2019
01:58
қаз
Салмақ тастауға көмектесетін 5 тағам
31 наурыз 2017, 11:21 75
Қыздардың қалауы-гауһартас емес, дене мүсінінің сымбаты.  Диетологтар өзіңді қалыпты формада ұстаудың түрлі әдістерін ұсынып келеді. Солардың қолжетімдісі әрі пайдалысы төмендегі 5 тағам.

Орамжапырақ



Орамжапырақтың кез келген түрі салмақ тастауға көмектеседі. Оның құрамындағы дәрумендер ағзаға энергия береді және денедегі артық майларды ыдыратады. Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақты көбірек жеу адамдарды күйзелістен қорғайтын көрінеді. Әрі уайым үстіндегі адамдар қолданса тыныштандырып, ұйқының режимін қалыпқа келтереді.

Шпинат



Бір тәрелке шпинаттағы килокалорияның мөлшері бар болғаны 41-ге тең екен. Демек мүлде май жоқ деген сөз. Сол себепті оны салмақ тастап жүргендерге жей беруге болады. Аптасына 2-3 порциядан кем емес шпинат адамға сергектік сыйлайды екен.

Астық тұқымдастар



Бұл өнімдерді пайдалану ағзаңызды артық зиянды заттар мен шлактардан тазартады. Бастысы оларды бірден емес, мысалы бүгін күріш болса, ертең қарақұмық, бірсігүні басқасын деген сияқты кезекпен қолданған жөн.

Балдыркөк



Бұл таптырмайтын диеталық тағамның бірі. Ол да ағзаны тазартып, калорий қоспауға көмектеседі. Сондай-ақ, балдыркөк ағзаны артық тұздардан да тазалайды.

Карри



Тұздықтардың бұл түрі денені артық сұйықтықтан арылдаты. Карри- өте күшті энергетикалық азық, ол тек сергектік ғана емес, белсенділіктің артуына да көмектеседі.

http://ikerim.kz/2017/03/28/salmak-tastauga-komektesetin-5-azyk-tulik/


Жаңалықтар