|    |  
17 ақпан 2020
08:10
қаз
Сальмонеллез ауруынан қалай сақтануға болады?
17 қаңтар 2020, 17:10 48
Сальмонеллез. Оның бактериялары тамақ арқылы жұғады. Сальмонелезден сақтану шарттары мынандай:



Қатып тұрған шикі етті жылы суға салып жібітуге болмайды. Өйткені, ондайда сальмонеллездің көбеюі қарқынды жүреді.

Піспеген етті дайын тамақпен қатар қоюға болмайды.

Мынандай ережелер де қатаң сақталуға тиісті:

Ет, балық, жұмыртқа сатып алынған кезде әрқайсын жеке полиэтилен қалтаға салады.

Тоңазытқышта шикі етке, балыққа арналған арнайы ыдыстың болуы қажет; Шикі етпен піскен етті арнайы бөлек тақтайлар- да, бөлек пышақтармен турайды;

Дайын тағам өнімдерін (ет және ет өнімдерінен жасалған) қолданар алдында жылумен қыздырып, өңдейді;

Кремі бар кондитер- лік өнімдерді, салаттар- ды тәуліктен артық сақта-майды;

Азық-түліктің жарам-дылық мерзімін қарап, анық- тап алғаннан кейін ғана сатып алып тұтынады;

Жеке саудагерлерден бәліш, самса, шұжық, мәнті алмайды; * Ауырып қалған жағдай- да міндетті түрде дәрігерге қаралған дұрыс. Үйде тамақ-тан сальмонеллез ауруымен бір адам сырқаттанып қалса, оны басқалардан бөлектейді, оңашалайды. Ас ішетін ыдысы да бөлек бо-луға тиіс. Үйді күн сайын дымқыл шүберекпен сүртіп тұрады. Өйткені, сальмонеллез бактерияларының үй- де ұзақ сақталуы мүмкін. Емдеу ерте басталса, ол созылмалы түрге ұласпайды.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар