Мәдениет
17 тамыз 14:49
​Салтанат Бақаева өзін айыптаған ақын қызға ақша төледі
Біраз уақыт бұрын ақын Назерке Семей мен танымал әнші Салтанат Бақаеваның арасында дау туындаған еді. Ақын әнші орындап жүрген «Әгугәй құрбым» әнінің сөзін жазғаны үшін әншінің ешқандай ақы төлемегенін айтып айыптаған болатын. Бұл дауға белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы да араласқан. Енді ақын мен әнші арасындағы дауға нүкте қойылды. Салтанат Назеркеге ақша төлеген. Бұл туралы Бибігүл Дәулетбекқызы желідегі парақшасында жазды.

 
 
«Иә, ақын қыз бен әншінің арасындағы дауға бүгін нүкте қойылды. "Уф" деп бір дем алдым. Салтанат xанымның адвокатының келісім-шартына екі тарап болып қол қойып, екі жақтың өкпесі болмағанына риза болдым. "Қанша ақша берді?" деген сөзге жауабымды бере алмаймын. Мәселе ақшада емес, ағайын! Әділдікте! Ол қаражатты Назерке Фейсбук желісінде қос құлынына көмек сұрап, шырылдаған анаға берді»-деп жазған Бибігүл Дәулетбекқызы.
 

Иә, ақын қыз бен әншінің арасындағы дауға бүгін нүкте қойылды. "Уф" деп бір дем алдым... Салтанат xанымның адвокатының келісім-шартына екі тарап болып қол қойып, екі жақтың өкпесі болмағанына риза болдым. "Қанша ақша берді?" деген сөзге жауабымды бере алмаймын. Мәселе ақшада емес, ағайын! Әділдікте!!! Ол қаражатты Назерке Фейсбук желісінде қос құлынына көмек сұрап, шырылдаған анаға берді. Толқын апайдың жазбасын сол күйі жариялап отырмыз. @tolkin100175 "Қайырлы күн,жамағат! Бүгін Сіздермен жақсы керемет жаңалығым мен қуанышымды бөліскім келіп отыр! Қазір ғана маған,өзі нәп-нәзік, кіп-кішкентай болса да қорғансызға қорған,панасызға сая болып жүрген қазақтың батыл да батыр қызы- Бибігүл ханым қоңырау шалды.Сезімімді тербетіп,жұбатып отыр едім ,сыңғырлаған әсем дауысын естіп төбем көкке жетті! Нәзік тәп-тәтті үнімен " Толқын ханым,Сізге Назерке деген ақын қызымыз қайырымдылық жасап көмек бергісі келіп отыр,қарсы болмасаңыз"- деген сөзін естіп ,еріксіз көзден жас кете берді. Қаршадай қазақтың қос аруы, Назерке -өзі студент,өзі жас ,ақша өзіне де артық етпейді,әйтсе де менің қос құлыным Бегім мен Сезіміме көмек берсем деген ниеті , жүрегінің кең-жомарттығы ,өзінің емес өзгенің де ауыр тауқыметіне өзі қосыла жаны ашып жылап тұрған дауысын естіп , -"Алла қайда жүрсе де бағын ашсын, басына бақ қондырсын!"- деп тілеуін тіледім! Өмірде осындай қайратты,қайсар ару қыздарымыз бар да Қазақ деген ұлттың абыройы асқақтап,жақсы күндер кешетінімізге сенімдімін! Жыртық үйдің жамауы бар деген осы ағайын,бүгін ғана Алматы қаласына жолдама алып ,енді оған қалай алып барамын деп уайымдап отыр едім. Алла сәтін салып ,Бибігүл ханым мен Нәзерке ханым қомақты қаржылай көмектерін беріп, бұл қиындықтың да шешімі шешілді! Алла разы болсын Сіздерге ,қазақтың қос арулары! ????????????????????????????????????" ----деп алғысын жаудырды. Толқын xаным, қос құлыныңыз тезірек жазылып, шауып кетсін! Өзім де көптен бері осы кісіге ақша берсем деп жүр едім, бүгін соның сәті түсті. Балалар ауырмасыншы????????????

Публикация от Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek)


Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика