18 Декабрь
22:39
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
1 қазан 15:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Самарқандта аста-төк тойға қарсы рейд жалғасып жатыр
Өзбекстанның Самарқанд уәлаятының хокимияты тарапынан соңғы кездері той индустриясына айрықша мән беріле бастады. Бұл туралы Podrobno.uz хабарлады.



Осыған орай құрамына STV телеарнасының журналистері кірген аранйы топ облыс хокимі Зоир Мирзаевтың той салтанаттары мен отбасылық мерекелерді тәртіпке келтіру туралы қаулысының орындалу барысын тексеру мақсатында қаланың ресторандарына рейд жүргізді.

Топ «Алпомыш» ресторанына келген кезінде той өткізу тәртібінің өрескел бұзылғанын бірден байқады. Ең алдымен мекенжайда өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағаны, электр сымдарының талапқа жауапқа бермейтіні көзге түсті. Тойда өнер көрсеткен әртіс Нуриидин Мухиддинов пен биші Гула Каримованың мұндай қызмет көрсетуге рұқсат беретін лицензиялары жоқ болып шықты. Тойға шақырылған қонақтар саны 180 адамға жеткен. Арнайы шуылы бар музыканың дыбыстық көрсеткіші тиісті 30 децибелден біраз асып кеткен.

«Дилшод» ресторанында да осындай жағдай орын алған. Ресторан жанында көліктерді қоятын орын жоқ. Көліктің көптігінен жүргіншілер жүретін тротуар жабылып қалған.

Түсіру тобы «Темуршох» ресторанында болғанында, мұнда да той өткізу тәртібінің сақталмағаны анықталды. Мұнда да өрт қауіпсіздігі бетімен жіберілген, бірнеше өнерпаздың лицензиялары болмаған. Ал шақырылған мехмондар қатары 315 адамға толған. Сол сияқты көлік қоятын орын талапқа сай келмейді.

«Феруза» ресторанында 252 адам тойлап отырды. Асхана қызметкерлері тиісті киімдермен қамтамасыз етілмеген. «Азам-бобо» ресторанында да тәртіп бұзылған.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1037
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии