21 Январь
08:58
Астана: -23 °C
Алматы: -13 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Экономика
16 шілде 10:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Samsung ең жұқа смартфонын таныстырды
Samsung ең жұқа смартфонын таныстырды


Бұл жайындағы ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланған. Жаңа смартфон нарықтағы бәсекелесі iPhone 6 смартфонынан тура 1 миллиметрге жұқа.

А8 смартфоны саусақ ізі арқылы жұмыс істейді. Оның экраны – 5,7 дюйм (бұған дейін шыққан А7 смартфонында 5,5 дюйм), процессоры 8 ядролық Snapdragon 615. Ал, негізгі камерасы 16 мегапиксель тазалықпен түсірсе, алдыңғы беттегі камераның мүмкіндігі – 5 мегапиксель.

Жаңа смартфон 2 сим-картамен жұмыс істей алады. Негізгі жады 2 Гб, файлдарды сақтау үшін 16 немесе 32 Гб жады бар. Бағасы болса әзірге белгісіз. Нақты қай уақыттан бастап сатылымға шығатыны да айтылмай отыр.

Дереккөз: BAQ.KZ

 
нравится:    775
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии