17 Октябрь
09:43
Астана: 1 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
13 шілде 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Samsung-тың су өткізбейтін смартфоны сыннан өтпеді

 
Samsung компаниясы су өтпейді деп жарнамалаған смартфон сыннан өтпеді. Ұялы телефондар нарығындағы жаңа үлгілерге сынақ жүргізетін Consumer Reports сайты телефонды тесттен өткізді. Бір жарым метрлік аквариумге салып, судан қайта шығарғанда Samsung Galaxy S7 Active телефоны іске қосылған жоқ. Телефонның қос камерасына да су кірген. Аталған сай осы үлгідегі екінші телефонға да сынақ жүргізген. Ол да іске қосылмаған.
 
Осыдан кейін Samsung компаниясының өкілдері сыналған смартфондардың өздері айтқан қорғаныс деңгейіне сай келмейтіндігін мойындады.
 
Samsung компаниясының ресми сайтында халықаралық жіктеме жүйесі бойынша Galaxy S7 Active телефонының қорғаныс класы IP68 деп көрсетілген. Бұл телефонның «ұзақ уақыт су өткізбейтінін» білдіреді.
 
Коммерциялық емес Consumer Reports сайты алты жыл бұрын   iPhone 4 антеннасындағы ақауды анықтаған болатын. Кейін Apple компаниясы да бұл кемшіліктерін мойындаған еді.
 
Дереккөз: BBC
нравится:    867
Теги: Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии