19 Октябрь
07:59
Астана: 5 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
29 тамыз 13:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Самұрық пен Қазынаның тойы елдің езуіне күлкі үйірді


Әлеуметтік желілерде мына бір сурет кең таралуда. Шаңырақ көтеріп жатқан жастардың есімдері елдің езуіне еріксіз күлкі үйірді. Күйеу жігіттің есімі Самрук болса, қалыңдықтың аты Қазына екен. 27 жастағы Самрук Атырау облысының, 29 жастағы Қазына Ақтөбе облысының тумасы. Некелерін ресми түрде 15-тамызда тіркесе, той кеше, 28-тамызда өткен. Желі қолданушылары қағытпа сөздермен "Әл және Ауқат деген балалары болсын. Холдингтері бар болсын, қорлары мол болсын" деп қалжыңға басуда. 

 Осы орайда қапы қалмаған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның Сыртқы және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры Айдар Махметов: "Самұрық-Қазына" қорының атынан Самрук пен Қазынаны құттықтауға рұқсат етіңіздер. Осындай есімі бар адамдар күнде неке қимайды. Самрук пен Қазынаға үлгілі отбасы болуды, ел мақтанышына айналар азаматтарды өмірге әкелуді тілейміз. Алда Самұрық пен Қазынаны бақытты, жемісті, баянды ғұмыр күтіп тұрғанына сенімдіміз"-деп ақжарма тілегін жеткізген. 

Біз де қалыс қалмайық. Жастар бақытты болсын!
 
нравится:    2928
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии