17 Октябрь
15:30
Астана: 17 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
25 шілде 10:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Сан-Хуан-Чамула қаласының тұрғындары ақша бөлуден бас тартқан әкімдерін өлтірді

 
Мексиканың Чьяпас штатында жергілікті тұрғындар Сан-Хуан-Чамула қаласының әкімін өлтірді. Жанжал барысында бес адам қаза тапқан. Оқиға сенбі күні, 23 шілдеде таңертеңгі уақытта орын алған. Тергеу мәліметі бойынша, әкім Домино Лопес Гонсалес жиналған жұртшылық алдында қоғамдық жұмыстар мен жергілікті қолөнершілерге қаражат бөлуден бас тартқан көрінеді. Осыдан кейін ашуланған тұрғындар арасынан оған оқ атылған. Ашулы топ мұнымен қоймай, әкімнің денесін алаңға сүйреп шығарған. Әкіммен бірге екі шенеунік, әкімшілік жүргізушісі, сондай-ақ бір тұрғын қаза тауып, 12 адам жарақат алған.
 
Тәртіпсіздікке қатысқан тұрғындар қала көшелерінде кедергілер ұйымдастырып, штат билігінен муниципалитетке бағытталған қаражаттың қайда жаратылғаны туралы есеп беруді талап еткен. Осыдан кейін бүлікті бастаушы ізін жасырып, тұрғындар үйлеріне тараған. Полиция жағдайды бақылауға алды. 
нравится:    553
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии