|    |  
20 ақпан 2020
23:55
қаз
Сандар сөйлейді: 50 санының қасиеті. Қазақы наным-сенім
10 қаңтар 2018, 10:52 105
Елу – ел және у. Бес еселенген онның жиынтығы. Ел - Адай атаның екі баласы Құдайке мен Келімбердінің Ақиқатқа жеткен ұрпақтарының жиынтық атауы. Қу – Құдайке атамыздың, ал Ел – Келімберді атамыздың есімдерінің сөз түбірлері, соған сәйкес Қу мен Ел осы екі атамыздың «азан шақырылып» қойылған есімдері.



Баламасы,  елі (ұзындық өлшемдерінің басы) бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, бес елі. Елімен санау міне осы бес елімен бітеді. «Елу ердің жасы» ары қарай алпыс қарттық өмірге жалғасып кетеді.

У – Кез-келген қимыл әрекеттің соңы. Мысалы, «У» ішсең өлесің, бару, келу, кету, шығу, тосу, кесу, жету, болу, өлу т.т. Елу – елдіктің ең биік шыңы. Бір Атадан тараған ұрпақ руға, ру елге айналды, яғни Адай атамыздың екі баласы Қу мен Елден тараған ұрпақ басында  бір рулы елге, артынан уақыт өте келе көп рулы елдерге айналып кетті.  Уақыт тоқтамайды. Сол бір Атадан тараған ұрпақ әлі жалғасып көбеюмен келеді. Бірақ, қарашаңырақ иелері сол алғашқы аталарымыздың есімдерін сол күйінде сақтап бүгінгі күнге жеткізді. Демек, елу саны да Әз (Қаз) атамыздың сандық атауы.

Бес саны Адай Ақпанның, яғни ақиқаттың атасының сандық атауы екендігін жоғарыда айттық. Бұл жерде сол ақиқат он еселеніп, ақиқаттың шыңына шығып, бір рулы Елге айналып, елдің соңына жалғанған «У» таңбасы бір Ата ұрпақтарының елге айналуының толық аяқталған нәтижесін айқындап тұр. Атам Қазақтың «Елу жылда ел жаңа» дейтіндерінің сыры осы.

Ары қарай елу бір, яғни Әз Адай, елу екі – Әз Қазақ, елу  үш - Әз Қосай, елу төрт – Әз Құнанорыс, елу бес - Әз Ақпан, елу алты - Әз Балықшы, елу жеті - Әз   Жеменей, елу сегіз - Әз  Семит, елу тоғыз - Әз Тобыш болып шығады.

Дереккөзі: http://abai.kz/


Жаңалықтар