20 Январь
11:20
Астана: -26 °C
Алматы: -11 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
13 қаңтар 13:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сандар сөйлейді: 8 санының қасиеті. Қазақы наным-сенім
Сегіз саны (сегізінші буын) – туыстығы бөлінбейтін жеті аталық жүйеден, яғни Бұзаудың кіші ұлы Жеменейден сегіз саны атауын иемденген семиттердің үзіліп (бөлініп) кететін кезеңі.  Өздеріңіз көріп отырғандай, сегіздің түбірі егіз. Бұл жерде «сегіз кіммен егіз?»,  деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр. Әрине сегіз тоғызбен егіз бола алмайды. Себебі тоғыншы ұрпақ, сегізден бір буын кейін тұр.



Мына көрші орыстар жетіні семь, сегізді во-семь деп атап, өздерін біз жеті - Жеменеймен егіз емеспіз, біз жетінші буын Жеменейдің ішінен шықтық, біз Жеменейдің баласымыз деп отыр.

Адай Ата ұрпақтарының дай-дай болып бөлінуі туыстығы бөлінбейтін Жеті аталық жүйеден ажыраған Семиттерден басталады. Мысалы, әлемдік кез-келген сайыстарда, жарысқа жеті ел қатысса, ол сайыс халықаралық сайыс деп аталмайды. Халықаралық сайыс деп, қатысушылар саны сегізден асса ғана саналатынының сыры осы.

Семит - сөз түбірі (өз түбі) ем. Бұл ұғымдардың авторы бүгінгі Италияндықтардың (Ит баққан елдің) ата-бабалары. Алғаш рет осы елде, ит бағушылар Аталық тектен Аналық текке, қазақша айтқанда жиендер еліне, яғни Еваның ұрпақтарына айналып кетті. Ев, Ева, Дева, Девушка, Девалвация,  Еврей, Европа, Евпатрия, Евангелие, Евгеника т.т. ұғымдар осылай дүниеге келді. Европалықтардың барлық жазба деректеріндегі алғашқы Ата-Анамызды біз сияқты Адам Ата және Ауа Ана деп құрметпен атамай, тура бір құрдасындай, баласындай немесе көңілдесіндей етіп жай ғана  Адам и Ева дейтіндерінің сыры осы.

Сегіз – қазіргі Арабтар мен Ебрейлердің атасы Семиттердің сандық атауы. Араб пен Ебрей Бұзаудан тарайды. Семит пен Жеменейдің сөз түбіріндегі Ем атамыздың есімі осыны білдіреді.

Сегіздің дыбыстық таңбасы «Ж» – қасиетті жеті саны, яғни туыстығы бөлінбейтін  Бұзау-Жеменейдің есімін береді. 1Жаб (Жабал) 2.Жағ (Жаға), 3.Жад, 4.Жаз, 5.Жай, 6.Жақ, 7.Жал, 8.Жам, 9.Жан, 10.Жаң, 11.Жап, 12.Жар, 13.Жас, 14.Жат, 15.Жау.  Жердің де түбірі ер болып, Ж-дан басталатыны осыдан. Сегіз жетіден, семит жеменейден бөлініп шығып тұр. «Жа»-дан осы  15 сөзден басқа сөз жасалмайды. Қазақтың Ата-Баба дегеніндегі, Бабамыз осы Жабалдан басталып, аяқ жағы 15-ке жеткенде туыстықтан ажырап, жауға айналып тұр. Мына солтүстіктегі көршілеріміздің әйелдерді Баба дейтіндері осыдан. Ежелгі аталарымыздың «Жиен ел болмас, желке ас болмас» дейтіндері де осыдан.

Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағын ұстап отырған Қазаққа, және бәрінің рулық шежіресін, Ата салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілі мен дінін толықтай сақтап бүгінгі күнге жеткізген Қаз Адайларды кемсітіп, келекелеп, аузына келгендерін айтатындардың бәрі Аталық тектен ажырап кеткен «жиендер». Өздерін Адам Атаның бел баласымын деп есептейтіндер, Атасының шаңырағын ұстап отырған адамға, руға, елге ешқашан тіл тигізіп, қиянат жасамаған болар еді.

«Ж» таңбасы «бөліну» деген атына сай бірінің үстіне бірі қойылған екі бірдей «Тіл таңбаның», «Жебелі садақтың» бейнесін береді және ол сегіз сызықтан жасалған. Бұл таңба бізге қарашаңырақта қалғаны да, бөлінгені де бәрібір осы Жеті аталық жүйеден тарайды дегенді білдіріп тұр.

Дереккөзі: http://abai.kz/ 

 
нравится:    84
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии