|    |  
14 желтоқсан 2018
17:18
қаз
Саңылаулары ұлғайған тері қайдан пайда болады?
28 маусым, 09:55 74
Мұндай үлкен саңылаулар теріде қайдан пайда болды? Оларды бітеу үшін тоналды жақпа майларды, опаны жағып, сағат сайын айнаға қарауға тура келетіні белгілі. Демалыс күндері түрлі скрабтар, бет маскалары секілді ауыр артиллерия да басталатыны анық. Алайда саңылауы  бар тері мәселесін шешу үшін оған кешенді түрде келу керек. Және мұның жолдарын біз сіздерге ұсынамыз.



Саңылаулары ұлғайған тері қайдан пайда болады және оларды не істеу керек

Тері саңылаулары себум немесе май бездері деп аталатын май тәрізді зат бөліп шығарады. Ол терінің құрғап қалмай, ауа өткізіп, косметикадан құнарлы заттарды сіңіруіне көмектеседі. Егер тері көп мөлшерде себумды бөлсе, дұрыс күтім болмаса, тері саңылаулары бітеліп, үлкейіп, безеу пайда болуы мүмкін.

Тері саңылауының пайда болуының негізгі себептері

Себумның шамадан тыс пайда болуы. Бұл дұрыс тамақтанбаумен, күйзелістен, қорғаныссыз күннің астында болудан, дұрыс күтінбеуден және комедогендік (терінің бітелуі) косметикамен байланысты болуы мүмкін.

Созылмалылығының жойылуы. Жас келген сайын коллагеннің пайда болуы кеміп, тері созылмалылығы төмендеп, саңылаулар ұлғаяды. Күннің әсерінен терінің бүлінуі де коллагеннің бұзылуына алып келеді.

Генетика. Ғалымдар азиялық әйелдердің тері саңлаулары жасы келген сайын қатты өзгермейтіндігін, ал үнділік әйелдерде үлкейе түсетіндігін анықтаған. Біз генетиканы өзгерте алмаймыз. Дегенмен, күтім әдістері мен тамақтануды өзгерту арқылы теріміздің жақсырақ көрінуіне көмектесе аламыз.

Не істеу қажет:

Себумның пайда болуын азайту: тамақтануды қайта қарастыру, күтім процедуралары мен косметика құрамы; күн сайын күннен қорғайтын кремды пайдалану арқылы коллагеннің күннен бұзылуынан теріні қорғау;  ылғалдандыру мен комедогендік емес косметикамен (яғни, тері саңылауларын бітемейтін және кеңейтпейтін) тұрақты тазалау арқылы тері саңылауларының ұлғаюын тоқтату. 

Мұндай әдіс терінің түрін өзгертпейді, бірақ тері саңылауларының кішірейтуге және мүмкіндігінше тазалауға көмектеседі.

Дұрыс тамақтану



Таңертеңгі күтімнен кейін бір сағаттан соң бетіңіз жылтырап тұратын болса, онда теріңіз тым көп себумды бөліп шығаруы мүмкін.

Не істеу керек:

Рационнан көмірсуларын қысқарту: қант, ақ нан, ақ күріш – жоғары гликемиялық индексті азық-түлік салдарынан тері мол себум бөліп шығып, тері саңылаулары бітеледі, акне пайда болуы мүмкін.

Тамаққа  шөптер мен дәмдеуіштер қосу: орегано, гвоздика, имбирь, сарымсақ. Олар теріні қартаюға апаратын, оның созылғыштығын жоғалтатын процестердің алдын алады.
 
Көк шай ішу: оның құрамында себумның бөлінуін төмендететін және безеумен күреске көмектесетін полифенол бар.
Балық пен көкөністерді көптеп жеу: олар акненің пайда болу мүмкіншілігін төмендетеді.

Тазалау және ылғалдандыру



Ұлғайған саңылауы бар теріні күніне екі рет тазалап ылғандандыру қажет. Теріде қабыршақталып қалған косметиканың қалдықтары мен кір тері саңылауларын бітеп, олардың ұлғаюына және безеу пайда болуына түрткі.

Теріні тазартқаннан кейін оны күннен, кірден қорғайтын құралмен ылғалдандыру қажет. Бұл созылмалылықтың сақталуына көмектеседі.

Не істеу керек:



Құрамында салицилдік қышқыл (1 % дейін), гликол немесе сүт қышқылы бар (2−5 %) пилингті пайдалану қажет. Өйткені, олар жасуша регенерациясын ынталандырып, саңылаулардың таза болып қалуына септігін тигізеді.

Скрабты пайдаланбау қажет: абразивті бөлшектер тері бүлдіруі және қабынуға алып келуі мүмкін. Содан кейін тері саңылаулары үлкен көрінетін болады.

Бетті гельді, көпіршікті құралдарымен тазалау қажет. Олар лосьон немесе флюидке қарағанда майлы немесе комбинацияланған теріге барынша сай келеді.

Кәдімгі сабынмен жуынбаған жөн. Сабын pH деңгейі  — 8-ден 10-ға дейін болады. Сондықтан ол терінің қорғаныс кедергісін бұзуы мүмкін. Ал бұл себумның шамамен тыс бөлінуіне алып келеді.  РН 5,5-тен аспайтын сабынмен жуынуға болады.

Бетті қосымша сағат 12-00-ден 16-00-ге дейін (әрине, егер ондай мүмкіншілік болып жатса) тазалау қажет. бұл уақытта тері себуманы белсенді түрде бөледі. Сондықтан біз түске жақын майлы жылтырақты байқаймыз. 

Күннен қорғайтын жақпа майды пайдалану қажет. Себебі онсыз коллагендік талшықтар бұзылып, терінің созылмалылығы кеміп, саңылаулар байқалады.

Су немесме гельді жақпа майды пайдалану қажет: олар саңылауларды бітемей, теріні ылғалдандырады.

Қауіпсіз косметиканы таңдаймыз



Косметика егер құрамында тері саңылауларын бітейтін құрамды заттар болса, комедогенді болып есептеледі, оларға балауыз, майлар, тальк және басқа да осыған ұқсас заттар кіреді. Саңылаулары ұлғайған тері үшін себумның өндірілуін азайтатын және олардың бітелуіне жол бермейтін косметика пайдалы.

Косметикадағы пайдалы компоненттер:

нордигидрогваяретті қышқыл (Nordihyroguaiaretic Acid, NDGA) және саркозин (Sarcosine) себумның өндіріліп шығуын азайтады;
ниацинамид (Niacinamide), цинк глюконаты (Zinc Gluconate), цинк сульфаты (Zinc Sulfate), кофеин (Caffeine), биотин (Biotin) және энантия қабығынң тұнбасы (Enantia Chlorantha Bark Extract) май бездерінің жұмысын реттейді.

Құрамында төмендегідей қоспалары бар косметика  сатып алмаған дұрыс:

Тальк: құрамында ол көп болса, тері саңылауларын бітеп тастайды. Минералды опалар анағұрлым қауіпсіз болып есептеледі.
Спиртті компоненттер теріні құрғатып, ескі жасушалардың табиғи бедеріне нұқсанын тигізеді.
Минералды май: арзан, жеңіл, алайда бірқатар косметикалық құралдардың комедогенді компоненті.

Дереккөз: https://www.adme.ru/


Жаңалықтар