|    |  
19 қыркүйек 2019
17:37
қаз
Саңырауқұлақ қосылған тоқаш
06 наурыз 2017, 16:46 51

Керек заттар: 

Күнжіт қосылған тоқаш — 5 дана
Саңырауқұлақ — 100 г
Пияз — 1 дана
Сыр — 50 г
Қызанақ  — 1 дана
Майонез, аджика, аскөк және тұзды талғамыңызға қарай қосасыз.


Бұл асты даярлау үшін бутербродқа арналған тоқаштарды қолданамыз. Олардың жоғары тұсын кесіп сол жерге майонез және аджиғаны жағамыз. Оның үстіне саңырауқұлақ пен пиязды саламыз. Бірақ ол екеуін алдын ала майға қуырып алуымыз керек. Оларды тоқаштың ішіне салып, үстінен қызанақ қоямыз, бетіне сырды үккіштен өткізіп салу қажет. Содан кейін 180 С-тағы пешке 5 минутқа салып алсаңыз жеткілікті.

Астарыңыз дәмді болсын!

http://ikerim.kz/2017/02/22/sanyraukulak-kosylgan-tokash/


Жаңалықтар