26 Май
18:17
Астана: 30 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Кербез
9 мамыр 12:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сапалы азық-түлікті қалай таңдау керек: көкөністер, жеміс-жидектер, кептірілген жеміс-жидектер


Көкөністер мен жеміс-жидектер біздің ағзамызға қажетті жасушалардың дәрумендер мен пайдалы қанттардың негізгі көзі саналады. Және де оларды сатып алу барысында шынымен де пайдалы өнімді таңдағың келеді. Көптеген елдерде баяғыдан бері табиғи өнімдерге органикалық деген белгі қойылады. Ал бізде мұндай тәжірибе кеңінен таралмаған және де әзірше өзіңнің тәжірибең мен біліміңе сүйенуіңе тура келеді. Бұл мақалада біз нағыз табиғи көкөністерді, жеміс-жидектер мен кептірілген жеміс-жидектерді базардан не болмаса дүкеннен таңдап алуға көмегін тигізетін ақыл-кеңес беретін боламыз.

1. Баға.
Бізде ақша факторы жиі азық-түліктің сапасы мен табиғилығына еш әсерін тигізе алмайды. Негізінен тауардың сыртқы түріне, шығарылған еліне және тасымалдау құны мен сатушының «бетпақтығына» байланысты. Қымбат тауарды оның сапасы жақсы болады деген сеніммен еш уақытта сатып алмаңыз. «Жасыл дәрумендермен» бұл ереже үнемі сайма-сай келе бермейді.

2. Сыртқы түрі.
Сөреге жақындаған бетте бірден жылтырақ журналдардағы модельдің суреті мен оның шынайы сыртқы келбетін есіңізге түсіріңіз. Есте сақтаңыз! Табиғилықтың кемшіліктері болады. Өсіру және сақтау барысында химиялық заттармен қосымша өңдеуге ұшырамаған көкөністер мен жеміс-жидектер барлық уақытта да «кемшілікті» болады. Яғни, қисық, көлемдері әртүрлі, аздап бүлінген не болмаса құрт іздері бар болып келеді.

3. Сатып алатын жерлер.
Дүкен әлде базар? Көпшілік табиғи тауар сатып алу үмітімен базарға жүгіреді. Кеңінен тоқталайық. Дүкенге түскен тауар алдымен тексеруден өтеді. Бұған қоса, оны өсіру қатаң нормаланған ірі өндірушілерден көптеп алады. Шаруашылықтарда (кеңшарлр мен фермерліктер) химиялық қоспаларды қажетті көлемде пайдаланатын мамандар жұмыс істейді. Әсіресе бұл тыңайтқыштар, пестицидтер мен гербийидтер қолдануға қатысты. Жеке сатушыда шыныменде көкөніс өзінің учаскесінде өсірілуі мүмкін. Алайда, оны өсіру барысында қолданылатын химиялық заттардың көлемін ешкім де нормаламайды және бақыламайды да.  Қожайын тауарын өсіріп, ол бүлінбеуі және тауарлық сыртқы түрін жоғалтпау үшін химиялық заттарды қашан және қанша қосатындығын  өзі шешеді. Әрине, бұл ретте жеке сатушының химиялық қоспаларға үнем жасағандығын не болмаса аста-төк қосқанын тексеру не болмаса дөп басып айту өте қиын. Сондықтан тауарды сенімге ие болған жеке тұлғадан ғана базардан не болмаса органикалық тауарлардың мамандандырылған дүкенінен сатып алуға кеңес береміз.

4. Сатып алу уақыты
Тауарды маусымға байланысты сатып алыңыз. Құлпынайды қаңтарда не болмаса қарбызды маусымда сатып алу барынша дұрыс емес. Көкөністер мен жеміс-жидектердің пісіп-жетілуінің табиғи маусымына жақындаған сайын оларда нитраттар көлемі аз болады. Бұған қоса, мандарин жаз уақытында жоспардан тыс жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауы мүмкін.

5. Кептірілген жеміс-жидектер.
Бұл орайда да барлығы қарапайым, өнім қорқынышты көрінген сайын жақсы болады. шырынды күйдегі деп аталатын құрғақ жеміс-жидекті сатып алу дұрыс емес. Көбіне мұндай түрде мейіз, өрік және қара өрік кездеседі. Олар жұмсақ, оларды суға салып қоюдың немесе буландырудың қажеті жоқ. Кез келген әйел құрамында суы көп өнімді тым ұзақ сақтаудың нәтижесінде оның шіріп, көгеріп кететіндігін жақсы біледі. Дәл сондай кептірілген жеміс-жидек ешқандай проблемасыз айлап сақталады?

6. Құжаттар.
Сатушыдан тауардың шыққан тегі мен сапасын дәлелдейтін құжаттарды талап етіңіз. Ұялмаңыз! Сұрағаныңыз үшін сізден ақша алмайды. Ал оның шынымен де пайдалы екендігін білгеннен кейін дәрумендерді ләззаттана тұтыну сіз үшін ғанибет.


Дереккөзі: Женское счастье
нравится:    41
Теги: Ас мәзірі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии