17 Декабрь
15:57
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
20 қаңтар 17:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сапарға шыққанда сағат белдеуінің ауысуына қалай тез бой үйретуге болады?


Ұшақпен бірнеше сағаттық белдеуді асқан кезде адам ағзасында көбісіне ұйықтау және сергектік тәртібі бұзылады.
Әдетте Шығыстан Батысқа қарай ұшқанда жергілікті уақытқа бейімделу жеңілірек өтеді. Ал, Батыстанн Шығысқа қарай ұшқанда, керісінше, адам ағзасы басқа сағаттық белдеуге біраз уақыт бойына бейімделе алмай жатады. Бұл құбылысты жеңу үшін мынадай 5 түрлі кеңесті ұсынамыз.

1. Ұшақпен саяхатқа шығар алдында түні бойы көз ілмей отыруға болмайды, керісінше ұйқыңызды қандырып, күш жинап алыңыз.
2. Ұшаққа отырғанда сағатыңызды баратын жеріңіздің уақытына ауыстырып, психологиялық тұрғыда дайындалыңыз.
3. Көбірек су ішіп, жаттығу жасасаңыз жаңа сағат белдеуіне тезірек бейімделесіз.
4. Ұзақ рейстерде жатын орын алып көріңіз, сонда біраз тынығып алуға мүмкіндік туады.
5. Ұшақтан түскен соң, қонақүйге келе салып ұйықтамауға тырысыңыз. Күндіз уақытыңызды таз ауада серуенден өткізгеніңіз жөн, өйткені күн сәулесінің әсерімен ағзаңыздың биологиялық сағаттары жергілікті уақытқа оңай ауысады.


Дереккөзі: БАҚ және әлеуметтік желілер
 
нравится:    1098
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии