18 Декабрь
20:41
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 тамыз 10:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сараңдықтан әйел бір құты шарапты ішіп қойды
Кей кездері сараңдық адамдарды ыңғайсыз жағдайларға қалдырып жатады. Пекин қаласының әуежайында Чжао  есімді әйел бір құты коньякты әдейілеп ішіп алған. 



Пекин халықаралық әуежайының жолаушы Чжао ұшақ бортына отырар алдында бір құты Remy Martin XO Excellence шарабын ішіп қойған. Әйел мұндай қадамға қауіпсіздік қызметінің  бортқа ішімдік өнімдерін алып кіруге тыйым салынғандығын естігеннен кейін барған.

Жалпы құны 120 фунт (164 евро)  тұратын спирттік өнімді жолаушы АҚШ әуежайында сатып алған. Алайда оның Пекиндегі келесі рейсіне шарапты алып жүруге тыйым салғандықтан, Чжао қымбат құтыдағы шарапты қоқыс жәшігіне тастауға көзі қимай, оны сол жерде ішіп алған.

Алайда көп мөлшерде ішілген шараптан әйел  мас болып қалды. Мас күйдегі әйелді әуежай қызметкерлері бортқа жібермей, демалу бөлмесіне алып келген. Сараңдықтың құрбаны болған әйел бірнеше сағаттан кейін ғана есін жинады.

Дереккөзі: dni.ru
нравится:    741
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии