13 Декабрь
21:10
Астана: -25 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Авто
1 ақпан 15:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сарапшылар 2016 жылы көлік сатылымы күрт төмендейтінін айтты
2016 жылы көлік сатылымы азаяды. Мамандар болжамы осыған саяды. Тиісінше бәсекелестік артады. Бұл тұста сапалы, арзан әрі үнемді авто сатумен айналысқандар ғана ұтады-мыс деп хабарлайды Алматы арнасы.
 
 

Ең бастысы - максималды жеңілдікпен берілетін көлік құралдарына сұраныс көбейетін көрінеді. Себебі өткен жылдың соңғы айларында сатылған темір тұлпарлардың көпшілігіне баға арзан болыпты. Биыл сұранысқа ие болатын автокөліктердің нарықтағы бағасы 10 мың АҚШ долларынан төмен болмақ.

"Қазіргі таңда біз өндірушілермен келіссөздер жүргізудеміз. Себебі екінші жыл қатарынан сатып алушыға қолайлы бағаны сақтау керек. Мысалы Ресейді алайық. Онда автокөлік жасаушылар бағаны белгілеп қояды. Бізде отандық өндірушілер мен құрастырушылардан қазақстандық сатып алушыларға бағаны бекітуін сұрап отырмыз",- деді «Астана Моторс» атқарушы директоры Антон Афонин.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы көлік нарығының қайта жандануы ұзақ уақытты қажет етеді. Сондай-ақ 2015 жылдың алғашқы үш айында мемлекеттік жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы аясында отандық көлік өндірушілердің үлесі барлық сатылған көліктің 11 пайызын құрады.
 
нравится:    894
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии