24 Сентябрь
00:12
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Туризм
8 қыркүйек 16:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Сарапшылар әлемдегі ең көрікті елдерді атады



Rough Guide жол көрсеткішінің сарапшылары әлемдегі ең көрікті елді анықтады, деп хабарлайды Daily Record. Рейтинг көшбасшысы, оқырмандардың пікірі бойынша, Шотландия деп танылды.

Сауалнамаға қатысушылар табиғи жағажайлардың, көлдердің және қамалдардың сұлу көріністерін ерекше бағалады.

«Біз Шотландияның Rough Guide оқырмандары тарапынан жоғары бағаға ие болғанына қуаныштымыз, алайда бұл жаңалық біздің керемет елімізде болған жандарға тосынсый болмасы анық», - дейді VisitScotland ұлттық туристік ұйымының президенті Малкольм Рохед.

Rough Guide пікірі бойынша, әлемдегі ТОП-3 көрікті елдердің қатарына Канада мен Жаңа Зеландия енді. Олардан кейінгі орындарға Италия, Оңтүстік Африка Республикасы, Индонезия, Англия, Исландия, АҚШ және Уэльс жайғасты.

Rough Guide жол көрсеткіші алғаш рет 1982 жылы жарыққа шықты. Қазіргі таңда ол 200-ден астам бағытты қамтиды және әлемнің көптеген елдеріне таралады.

Дереккөзі: http://news.bigmir.net

 
нравится:    79
Теги: Туризм жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии